378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбелік зағип жандар елімізге алғаш келген «Showdown» ойынын игеруде

  • 339
  • UPD: 16:58, 18.01.2019
Ақтөбелік зағип жандар елімізге алғаш келген «Showdown» ойынын игеруде

Ақтөбеде зағип жандар «Showdown» ойынын игеруде.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған үстел теннисі елімізге алғаш рет жеткізіліп отыр. Ережесінде айтарлықтай өзгеріс болмағанымен, ойын добы болат бытырамен толтырылған. Осылайша, көру мүмкіндігі шектеулі жандар доптың қозғалысын ести алады. Дәрігерлер бұл ойынның зағип жандар үшін денсаулықты нығайтумен қатар кеңістікте бағдарлауына да әсері бар дейді. Күнделікті жаттығу арқылы есту мүмкіндігін жақсартуға болады. Бұл ойын үстелін жеткізуге жергілікті бюджеттен 300 мың теңге бөлінген. Ал арнайы допты Даниядан алдырыпты. Өңірде 800-ден астам зағип жанның өмір сүретінін айта кету керек. Болашақта олар үшін тағы бірнеше үстел орнату жоспарланған. Жергілікті шеберлер дәл осындай үлгідегі үстелдерді жасауға келісім берген. Бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтардың бұқаралық спортқа ден қоюына жағдай жасайды.

Сырлыбай Әкімов, қазақ зағип жандары қоғамының өкілі:

– Қазақстан бойынша мұндай ойын түрі жоқ. Былтыр Башқұртстанға барып, осы ойынмен таныстық. Ойнағысы келген балалар көп.

Хабар 24 телеарнасы