375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин үшінші рет әке атанды

  • 597
  • UPD: 15:51, 18.01.2019
Головкин үшінші рет әке атанды Sports.kz

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) отбасында нәресте дүниеге келді, - делінген Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтында.

«Қазақстан бокс федерациясы Геннадий Головкинді ұлды болуымен құттықтайды! Геннадий мен оның отбасына мықты денсаулық және отбасылық береке тілейміз!», - делінген хабарламада.

Головкин жары Алинамен бірге тоғыз жастағы Вадимды (2009 жылы сәурде дүниеге келген) және есімі құпия сақтаулы қызын (2017 жылы қыркүйекте дүниеге келген) тәрбиелеп отыр.

Вадим Головкин кәсіпқой тұрғыда хоккеймен айналысады. Әкесінің бапкері Абель Санчестің ойынша, Головкиннің ұлы болашақта танымал ойыншы болуы мүмкін. Ол әкесімен бірге бірнеше рет ұлттық хоккей лигасының ойындарын тамашалаған.

2017 жылы 7 шілдеде (07.07.2007) Геннадий головкин әйелімен отасқанына он жылдық мерейтойын атап өтті. Оның жары да Қарағанды қаласының тумасы. Үйленгенге дейін олар жеті жыл бойы кездесіп жүрген. Алина Головкиннің екі жоғарғы білімі бар.

Қазақстандық боксшы 2019 жылы көктемде шаршы алаңға шығады деп күтіледі

Хабар 24 телеарнасы