375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада қысқы ралли-спринттен ҚР кубогының бірінші кезеңі өтуде

  • 349
Астанада қысқы ралли-спринттен ҚР кубогының бірінші кезеңі өтуде

Астанада «Самұрық-2019» қысқы ралли-спринт бойынша Қазақстан кубогының бірінші кезеңі өтіп жатыр.

Оған 40-тан астам спортшы қатысуда. Мұз үстінде ұйымдастырылған жарыста кәсіби және спорттың бұл түрімен енді айналысып жүрген автошабандоздар бақтарын сынап отыр. Бүгінгі сайыстың ең жас қатысушысы – 15 жаста. Айта кету керек, автобәйгеге кез келген көлік жүргізуші қатыса алады. Ол үшін темір тұлпарын қайта жарақтандырып, арнайы киім сатып алуы тиіс. Сонымен бірге көліктің ішінде өрт сөндіргіш құралдары болуы шарт. Ралли-спринттің келесі кезеңдері Қарағанды мен Павлодар қалаларында, ал ақтық сайыс ақпан айында елордада өтеді.

Денис Аксенов, ұйымдастырушы:

– Бүгінде бұл автододаға қатысу үшін еліміздің 8 өңірінен өтініш келіп түсті. Бәсеке өте жоғары. Жарыс жолы да оңай емес. Бірі тайғанақ бұрылыстарда сүрініп жатса, енді бірі қарға батып қалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы