378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Челси» жартылай қорғаушысын «Реалға» 100 миллион еуроға сатуға дайын

  • 356
  • UPD: 19:16, 19.01.2019
«Челси» жартылай қорғаушысын «Реалға» 100 миллион еуроға сатуға дайын

«Челси» командасы белгиялық жартылай қорғаушы Эден Азарды мадридтік «Реалға» 100 миллион еуроға сатуға дайын, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Дереккөздің мәліметінше, Эден Азар «Челсимен» 2020 жылдың жазына дейін келісімшарт жасасқан.

Таяуда белгиялық жартылай қорғаушы Эден Азардың «Челсидің» екі ұсынысынан бас тартқаны белгілі болды.

Азар «Челсиға» «Лилля» клубынан 2012 жылдың жазында ауысқан еді. Оның ауысуына 35 миллион еуро жұмсалған болатын. Осы маусымда жартылай қорғаушы ағылшын премьер-лигасының 21 матчына қатысқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы