389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» командасының ойыншылары балалармен хоккей ойнады

  • 912
«Барыс» командасының ойыншылары балалармен хоккей ойнады astana.gov.kz

Қазақстандық «Барыс» клубының танымал хоккейшілері «Қазақ Елі» монументі жанындағы мұз айдынында балаларға шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны Алматы ауданы әкімдігі ұйымдастырды. Шара «Спорт - салауатты болашақ» ұранымен өтті. «Бүгін қысқы спорт түрлеріне деген ынтасы жоғары, әсіресе, ұл-қыздардың xоккейге қызыға бастағаны қуантады. Осы қыста біздің аудандағы төрт мектептің аумағына мұз айдыны жасалды. «Балаларға шеберлік сыныбын өткізген «Барыс» командасына жеке алғысымды білдіремін», - деді Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев.

«Астана» спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен «Барыс» командасының шабуылшысы Әлихан Әсетов, Никита Михайлис, қорғаушылар Валерий Орехов және Виктор Сведберг кездесу өткізді. «Хоккей батылдық пен табандылықты талап етеді. Мен – «Барыс» клубының жанкүйерімін және бүгінгі мастер-класқа қатысқаныма қуаныштымын», - деп бөлісті шарадан алған әсерімен жас хоккейші Інжу.  Балалар, сондай-ақ, кәсіби мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратовамен кездесті.

Хабар 24 телеарнасы