378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пакьяо Лас-Вегаста Бронерді жеңді

  • 313
  • UPD: 13:14, 20.01.2019
Пакьяо Лас-Вегаста Бронерді жеңді

WBA нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо (60-7-2, 39 КО) американдық боксшы Эдриен Бронерді жеңіп, титулын абыроймен қорғап шықты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Филиппиндік боксшы 29 жастағы Бронерге қарсы Лас-Вегастың MGM Grand аренасында рингке шыққан еді.

Жекпе-жек 12 раундқа созылып,  117-111, 116-112, 116-112 есебімен Пакьяо жеңіп шықты.

Айта кету керек, бұл 40 жастағы филиппиндіктің 61-жеңісі. Жалпы атақты спортшы 70 жекпе-жек өткізген.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы