378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пакьяо: Мейвезермен жұдырықтасуға дайынмын

  • 305
  • UPD: 16:17, 20.01.2019
Пакьяо: Мейвезермен жұдырықтасуға дайынмын

Филиппин кәсіпқой боксшысы Мэнни Пакьяо америкалық Флойд Мейвезермен екінші рет жекпе-жекке шығуға дайын екенін жеткізді.

Жартылай орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Мэнни Пакьяо (60-7-2, 39 КО) бүгін Эдриен Бронермен жұдырықтасып, титулдық белбеуін сақтап қалды.

«Мен спорттық мансабым аяқталмағанына сенімдімін. Мен оны Лукас Маттисемен өткен жекпе-жекте және бүгін дәлелдедім. Бокстағы жолым әлі де жалғасады. Мейвезерге шаршы алаңға қайтып оралсын деңіздер, біз қайтадан жұдырықтасамыз. Ол қайтып келемін десе, мен жұдырықтасуға дайынмын», – деді Пакьяо.

Пакьо 2015 жылы жартылай орта салмақта WBC, WBO және WBA Super титулдары үшін Мейвезермен жекпе-жек өткізіп, жеңіліс тапқан еді, деп жазады vesti.kz.

Хабар 24 телеарнасы