378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада BAQ-лиганың жаңа маусымы басталды

  • 417
  • UPD: 23:35, 20.01.2019

Елордада бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасындағы футбол чемпионатының жаңа маусымы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәстүрлі додаға биыл 15 команда қатыспақ. Жарыстың бірінші күнінде «Ел арна», «Мазмұндама», «Спорт 59» командалары үш ұпайдан еншілеп, алғашқы жеңістеріне жетті. Ал «Хабар» командасы «Қазмедиадан» 5:2 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде көш бастады.

Ержан Нүкежанов, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінің төрағасы: 

- БАҚ өкілдеріне арналған BAQ лигасы биыл бесінші рет өткізіліп отыр.  Оған еліміздің негізгі ақапараттық құралдарының өкілдері қатысып отыр. Ерекшеліктеріне тоқталып өтсек, былтырдан командалардың саны өскендіктен, А, В  тобына бөлініп ойнап жатыр. Тек ақпарат алаңында емес, осындай алаңдарда да өздерінің шеберліктерін көрсетуде.

Хабар 24 телеарнасы