378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚХЛ Жұлдыздарының матчы: «Барыс» ойыншысы дубль авторы атанды

  • 283
  • UPD: 23:30, 20.01.2019
ҚХЛ Жұлдыздарының матчы: «Барыс» ойыншысы дубль авторы атанды

Чернышев дивизионының командасы финалда Бобров дивизионының құрамасын 4:3 есебімен басым түсіп, ҚХЛ Жұлдыздарының матчында жеңімпаз атанды.

Команда сапында Астананың «Барыс» клубының өкілі Даррен Диц (4-ші және 7-минуттарда) дубль авторы атанды.

Командалар «4-ке 4» форматында ойнап, матч 10 минуттық екі кезеңнен тұрды.  

Чернышев дивизионының командасы бірінші жартылай финалда Харламов дивизионының құрамасын 5:3 есебімен ұтқан. Ол кездесуде елорда клубының ойыншысы Роман Старченко жеңіс голын соққан болатын.

Үшінші орынға Бобров дивизионының командасын буллит бойынша ұтқан Харламов дивизионының құрамасы ие болды.

Хабар 24 телеарнасы