378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс» ойыншылары ҚХЛ жұлдыздары матчының жеңімпазы атанды

  • 589
  • UPD: 11:21, 21.01.2019
«Барыс» ойыншылары ҚХЛ жұлдыздары матчының жеңімпазы атанды Olympic.kz

Қазан қаласында Құрлықтық хоккей лигасының биылғы маусымдағы ең басты оқиғасы – «Жұлдыздар матчы» аяқталды, деп жазады Olympic.kz. 

Астаналық «Барыс» ойыншылары Роман Старченко мен Даррен Диц Чернышев дивизионы сапында «Жұлдыздар матчының» жеңімпазы атанды. 

Жартылай финалда Чернышев және Харламов дивизиондары сынға түсіп, 5:3 есебімен Чернышев дивизионының құрамасы жеңіске жетті. Аталған матчта Роман Старченко бір гол соққан болатын. 

Финалда Чернышев дивизионының құрама командасы Бобров дивизионынан 4:3 есебімен басым түсті. Финалдық кездесуде «Барыс» ойыншысы Даррен Диц дубль авторы атанды. 

Хабар 24 телеарнасы