378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жозе Моуриньо бапкерлік қызметке көктемде оралуы мүмкін

  • 245
  • UPD: 10:22, 21.01.2019

Зарина Диас пен Юлия Путинцева Австралия ашық біріншілігін екінші айналымда аяқтады.

Қазақстандық теннисшілер жұптық сында 2:6 ,2:6 есебімен чехиялық қарсыластарынан ұтылып қалды. Ал бүгін жекелей сындағы ширек финал сайыстары басталады.

Осы аптада Австралия ашық біріншілігінің жеңімпаздары анықталады. Жасыл құрлықтағы «Үлкен шлем» жарысының былтырғы чемпионы Роджер Федерер биыл жарысты ерте аяқтады. Төртінші айналымда грек жігіті Стефанос Циципаскен кортқа шыққан швейцариялық теннисші 7:6, 6:7, 5:7, 6:7 есебімен ұтылып қалды. Стефанос ширек финалда испаниялық Роберто Баутистамен ойнайды. Келесі кезеңге Рафаэль Надаль да жолдама алды. Испаниялық теннисші чех Томаш Бердыхтың осал тұсын тапты. Есеп: 6:0, 6:1, 7:6.

Хоккей: «Жұлдыздар матчы – 2019»

«Барыс» шабуылшысы Даррен Диц биылғы «Жұлдыздар матчы» шоуына қатысып, өз командасының жеңісіне үлес қосты. Қазан қаласындағы кездесуде Чернышов командасы Бобров дивизионынан басым түсті. Ойын 4:3 есебімен аяқталды. Даррен Диц қос голдың авторы атанды. «Барыстың» тағы бір шабуылшысы Роман Старченко Харламов командасына қарсы ойында көзге түсті. Старченко «Жұлдызтар матчына» жанкүйерлердің қалауымен келді. Ал Диц құрлықтық хоккей лигасының таңдауымен қатысты.

Жозе Моуриньо бапкерлік қызметке көктемде оралуы мүмкін

Атақты жаттықтырушы Жозе Моуриньоның жұмыссыз жүргеніне бір айдан асты. Португалиялық маман желтоқсан айында «Манчестер Юнайтедпен» қош айтысқан еді. Команданың нәтижесіне көңілі толмаған басшылар Моуриньоны қызметінен босатқан. Ағылшын клубы келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатқаны үшін жаттықтырушыға 25 млн еуро төледі. Қомақты қаржыны еншілеген Жозе демалыстың рахатын көріп жүрмін дейді. 55 жастағы маман осы аралықта үш бірдей ұсыныстан да бас тартыпты. Моуриньо бұл күндері Катар астанасы Дохада Азия кубогын тамашалап жүр.

Футбол: «Лейпциг» – «Боруссия Д»

Жаңажылдық үзілістен кейін неміс бундеслигасы жалғасын тапты. 18-турда топ бастаған «Боруссия» «Лейпцигке» қонаққа барды. Қарсыластар 41 мың көрермен алдында аса көсіліп ойнай қойған жоқ. Матчтың 19-минутында Аксель Витсель есеп ашты. Бельгиялық футболшының соққан добы Дортмунд командасына жеңіс сыйлады. Люсьен Фавр шәкірттері жаңа жылды сәтті бастады. 18-турдан кейін «Боруссия» 45 ұпаймен көш басында келеді. Олар келесі турда «Ганноверді» қабылдайды.

Футбол: «Байер» – «Боруссия М»

Екі апталық демалыста болған неміс командалары 18-турда голға сараңдық танытты. Леверкузенде «Байер» мен Менхенгладбахтың «Боруссиясы» кездесті. Бұл ойында да жалғыз гол матч тағдырын шешті. 37-минутта Алассан Плеа көзге түсіп, «Боруссияға» маңызды үш ұпайды сыйлады. «Байер» футболшылары қарымта қайтаруға ұмтылды. Алайда алаң иелерінің таразы басын теңестіруге шамалары жетпеді. 1:0 есебімен жеңіске жеткен «Боруссия» 36 ұпаймен турнир кестесінің үшінші сатысына жайғасты.

Хабар 24 телеарнасы