378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роналду «Реалдағы» досын «Ювентуске» ауысуға үгіттеп жүр

  • 256
  • UPD: 10:58, 21.01.2019
Роналду «Реалдағы» досын «Ювентуске» ауысуға үгіттеп жүр championat.com

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду мадридтік «Реал» қорғаушысы Марселоны өзімен бірге туриндік клубқа ілестіріп кетпек, – деп хабарлайды AS.com.

33 жастағы португалиялық пен 30 жастағы бразилиялық мадридтік клуб сапында 2009-2018 жылдар арасында бірге ойнаған.

Басылым мәліметінше, Роналду және Марсело дос, сондықтан португалиялықтың «Ювентуске» ауысып кеткеннен кейін де қарым-қатынастарын үзбеген. Роналду Италияға көшу туралы Марселоға жиі айтатын көрінеді.

Қорғаушының «Реалмен» келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Биылғы маусымда Марсело 19 матчте үш нәтижелі пас берді және үш гол соқты.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы