378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Давид Лемьеге бапкері Головкиннің салмағында жұдырықтасуға тыйым салды

  • 268
Давид Лемьеге бапкері Головкиннің салмағында жұдырықтасуға тыйым салды vesti.kz

Әлемнің бұрынғы чемпионы Давид Лемьенің (40-4, 34 КО) бапкері Марк Рэмси Journal de Montreal басылымына берген сұхбатында канадалық боксшыға салмақ түсіруіне қатысты қатаң талап қойғанын айтты.

14 желтоқсан Туреано Джонсонмен (20-2, 14 КО) Нью-Йоркте жұдырықтасардан бір күн бұрын Лемье сорығу мен қан қысымының жоғарлауына байланысты ауруханаға түсіп қалды. Канадалық орта салмақ лимитине сәйкес келемін деп денсаулығын нашарлатты.

Рэмси боксшыны 2001 жылдан бері жаттықтырады. Бапкер оны IBF чемпионы еткен.

«Давидпен Нью-Йоркте өткенді талқыладық. Үзіліс жасаймыз деп шештік, одан кейін жағдайды түзеу қажет. Жаттығу лагерінің уақыты келгенде қайта көрісеміз. Әзірге келесі жекпе-жекті күту ғана қалды. Екеуміз біраз дүниеге баға бердік, соның ішінде карьерасындағы өзгерістерге қатысты. Менің шешімім: ол екінші орта салмақта жұдырықтасады (168 фунт) немесе онымен жұмысымды тоқтатамын. Бәрі түсінікті. Дәрігерлер Лемьенің 160 фунтқа дейін салмақ тастауына болатынын айтады, бірақ бұл қауіпті, қайтадан оқыс жағдай болуы мүмкін. Төрт маманды жалдадық, алайда бұл да көмектеспеді», - дейді Рэмси.

Ақпара көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы