387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Australian Оpen: Новак Джокович ширек финалға шықты

  • 611
  • UPD: 10:35, 22.01.2019

Бүгін «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуін өткізеді.

Астана командасы Магнитагорскіде «Металлургпен» айдынға шығады. Андрей Скабелкадан тәлім алатын елордалық хоккейшілер Шығыс конференциясында 69 ұпаймен бесінші орында келеді.

Айта кетейік, «Барыс» плей-оффқа күні бұрын жолдама алып қойды.

Хоккей: «Торпедо» – «Югра» – 5:2

Ресейдің Жоғары хоккей лигасында ойнайтын Қарағанды «Сарыарқасы» Түменнің «Рубинін» қабылдап, 0:1 есебімен ұтылып қалды. Ал «Торпедо» Өскеменде Ханты-Мансийскінің «Юграсын» жеңді. Есеп – 5:2. Шығыс Қазақстан командасы сапынан Андрей Белозёров есеп ашты. Үзілістен кейін Артем Лихотников, Евгений Рымарев, Алексей Шантыка және Максим Капитуров мергендік танытты. Қонақтар екі шайбамен шектелді. «Торпедо» 44 ойыннан кейін 49 ұпай жинап, турнир кестесінде 15-орынға жайғасты. 14-орында «Сарыарқа» тұр. Өскемен хоккейшілері келесі кездесуін 23 қаңтарда Санкт-Петербургтың «Динамосымен» өткізеді.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы биылғы жарыстар кестесін жариялады. Еліміздегі футбол маусымы 3 наурызда суперкубокпен ашылады. Чемпион «Астана» мен кубок иегері «Қайрат» кездеседі. Премьер-лиганың алғашқы туры 9-10 наурызда өтеді. Қазақстан кубогының 1/8 финалдық ойындары 10 сәуірге жоспарланған. Ал кубок иегері жылдағыдай маусым соңында емес, 22 қыркүйекте анықталады. Қазақстан премьер-лигасының соңғы 33-туры 10 қарашада өтеді. Командалардың жарыс кестесі ақпан айындағы жеребеден кейін белгілі болады. 

Australian Оpen турнирі

Теннистен Австралия ашық біріншілігінің ширек финалистері анықталды. Әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович үш жылдан кейін алғаш рет жасыл құрлықтағы «Үлкен дулыға» жарысының ширек финалына шықты. Сербиялық теннисші төртінші айналымда Даниил Медведевтен басым түсті. Есеп – 6:4, 6:7, 6:2, 6:3. Австралия ашық біріншілігінің алты дүркін жеңімпазы жартылай финал жолдамасын Кей Нишикоримен сарапқа салады. Жапон жігіті испаниялық Пабло Каррено-Бустаның осал тұсын тапты. Бес партияға созылған кездесуде Бустаның жүйкесі сыр берді. Испаниялық теннисші ойынды сәтті бастап, алғашқы екі сетте 7:6, 6:4 есебімен алға шыққан. Алайда Нишикори шешуші партияда жинақылық танытып, жеңіске жетті. Есеп – 7:6, 6:4, 7:6. Француз Люк Пуй хорватиялық Борна Чоричтен айласын асырып, ширек финалға өтті. Неміс Александр Зверев канадалық Милош Раоничке жол берді.

Александр Зверев, теннисші:

- Бұл турнир – көп жарыстың бірі. Апта сайын өтетін турнирлерде ылғи жеңіске жету мүмкін емес. Тіпті ширек финалдың өзі жетістік саналады. Жас теннисшілердің жақсы ойын көрсетіп жатқанына қуаныштымын. Олар жоғары деңгейдегі жарыстың ширек финалына алғаш рет шығып отыр. Жігіттерге сәттілік тілеймін.

Боатенг «Барселонаға» ауысты

«Сассуоло» командасының жартылай қорғаушысы Кевин-Принс Боатенг «Барселонаға» ауысты. Каталония клубы Гана құрамасының ойыншысын маусым соңына дейін жалға алды. Егер 31 жастағы футболшы Месси бастаған жігіттердің көңілінен шықса, «Барселона» Боатенгті 8 миллион еуроға сатып алуға құқы бар. Ал жалға алу құны 2 миллионды құрайды. Кевин-Принске Испания чемпионаты жақсы таныс. Ол 2016-2017 жылғы маусымда Лас-Пальмас командасы сапында Ла Лиганың 28 кездесуіне қатысып, 10 доп соққан. Биылғы А сериясында 11 матчта төрт рет көзге түсті.

Хабар 24 телеарнасы