378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин командасындағы жеңілмеген қазақстандық WBC рейтингінде жоғарылады

  • 249
  • UPD: 11:18, 22.01.2019
Головкин командасындағы жеңілмеген қазақстандық WBC рейтингінде жоғарылады Sputnik Казахстан

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Али Ахмедов (13-0, 10 КО) WBC ұйымының ТОП-15 рейтингіне кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, Ахмедов ұйымның жастар чемпионы белбеуіне ие.

Қазіргі таңда 23 жастағы боксшының ісін белгілі қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) GGG Promotions компаниясы жүргізеді. WBC рейтингінде Ахмедов 15-тұр. Ұйымның бұл салмақтағы (жартылай ауыр) чемпиондық белбеуі украиналық Александр Гвоздикте (16-0, 13 KO).

Қазқстандық кәсіпқой соңғы рет 2018 жылы қазанда АҚШ-тың Коста-Месте қаласында өткен WBC жастар чемпионы белбеуі үшін жекпе-жекте алғашқы раундта-ақ мексикалық Джовани Хавьер Гоместі нокаутқа түсірген еді.

WBA рейтингінде Айдос Ербосынұлы (10-0, 8 КО) мен алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4 КО) та осындай орынға көтерілді.

Сонымен бірге IBF рейтингінде жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Бахтияр Эюбов (14-0, 12 KO) 14-орында.

Хабар 24 телеарнасы