378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елеусінов 2019 жылғы алғашқы жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді

  • 481
  • UPD: 11:23, 22.01.2019
Елеусінов 2019 жылғы алғашқы жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді Zakon.kz

Қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) кәсіпқой рингтегі 2019 жылғы алғашқы жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz. Боксшының дайындығы туралы толығырақ оның менеджері Зия Алиев баяндап берді.

«Жекпе-жек 15 наурызға белгіленген. Қарсылас әзірге белгісіз. Данияр жаттығуға кірісу үшін АҚШ-қа келесі аптада аттанады», – дейді менеджер.

Оның сөзінше, алдағы уақытта жекпе-жек форматы анықталады. Елеусінов қатысатын Филадельфиядағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде ирландиялық Кэти Тэйлордың жекпе-жегі болады. 32 жастағы боксшы қыз кәсіпқой рингте 12 жеңіске жеткен, ал титулды жекпе-жекте бразилиялық Роус Волантемен (14-0, 8 КО) жұдырықтасады.

Елеусінов соңғы рет былтыр қарашада Монакода никарагуалық Маркос Мохикамен жұдырықтасып, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Хабар 24 телеарнасы