378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстаннан кеткен Стойлов қызмет ететін басқа елді тапты

  • 263
  • UPD: 11:56, 22.01.2019
Қазақстаннан кеткен Стойлов қызмет ететін басқа елді тапты Atameken Business

Болгариялық бапкер Станимир Стойлов карьерасын Чехия чемпионатында жалғастыратын болды, деп хабарлайды KotaSport.com.

Басылым мәліметінше, Стойлов прагалық «Спарта» мен «Славия», сондай-ақ «Виктория Пльзень» сияқты топ-клубтардың біріне барады. Маман клубтық жұмысқа оралғысы келеді, алайда өз отанындағы «Левскийді» жаттықтырудан бас тартты.

Мұның алдында болгариялық маман Әзербайжан құрамасы және «Ордабасыны» жаттықтыруы мүмкін екені айтылған еді, бірақ бапкер Vesti.kz порталына берген сұхбатында  мұны жоққа шығарды.

17 қаңтарда Стойлов Қазақстан құрамасымен келісімшартты үзді. Ұлттық құраманы болгариялық маман 2018 жылы жаттықтыра бастаған еді. Ал оған дейін «Астана» клубында қызмет етіп, командамен бірге Чемпиондар лигасының топтық және Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өткен.

Бір қызығы, Еуропа лигасының 1/16 финалына «Астана» 2017 жылы желтоқсанда «Славияны» 1:0 есебімен жеңген соң өткен.

Хабар 24 телеарнасы