378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс» Магнитогорскіде «Металлургтен» айласын асырды

  • 408
  • UPD: 23:25, 22.01.2019
«Барыс» Магнитогорскіде «Металлургтен» айласын асырды prosports.kz

Астаналық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында Магнитогорскінің «Металлург» командасымен кездесті.

Өткен жылдың 3 желтоқсанында Астанада өткен кездесуде «Барыс» аталмыш қарсыласын 3:2 есебімен ұтқан болатын.  Магнитогорскіде өткен бүгінгі ойынның бірінші кезеңінде есеп ашылмағанмен, екінші кезеңнің 26-минутында «Барыс» сапынан Алексей Маклюков есеп ашты. Ал 31-минутта Даррен Диц есепті үстемелей түсті.  Үшінші кезеңнің 49-минутында «Металлург» ойыншысы Андрей Чибисов есеп ашты. Кейін Дастин Бойд қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Барыс» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.

Хабар 24 телеарнасы