378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Албания құрамасының футболшысы Қарағандыға келді

  • 242
  • UPD: 16:44, 23.01.2019
Албания құрамасының футболшысы Қарағандыға келді

«Фламуртари» клубы мен Албания құрамасының қорғаушысы Альби Алла қарағандылық «Шахтерге» байқаудан өтуге келді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Футболшы Түркияда өткен оқу-жаттығу жиындарында бірнеше бақылау ойындарына қатысқан. Жақын арада 25 жастағы жартылай қорғаушы қарағандылық клубпен келісімге келеді деп күтілуде.

Футболшының трансферлік құны 300 мың еуро. Оның «Флумартари» клубымен келісімшарты 2020 жылдың маусымына дейін.

Альби Алла Грекия футбол мектебінің түлегі, карьерасын да осында бастады: «Эрготелис», «Фокикос» және «Панахаики» сапында ойнады. 2016 жылдан бері Албанияда: «Скендербеу», «Бюлиса» және «Фламуртари». Албания чемпионатының осы маусымында ол нәтижелі он пас беріп, бір гол салды. Сонымен қатар, ол еурокубоктар квалификациясында төрт ойынға қатысты.

Албания құрамасы сапында 2017 жылдың наурызында Босния және Герцеговинаға қарсы матчта ойнады. Альби Алла үшін бұл ұлтық құрама сапындағы соңғы ойын болды.

Хабар 24 телеарнасы