378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аргентиналық футболшы мінген ұшақ жоғалып кетті

  • 310
  • UPD: 18:52, 23.01.2019
Аргентиналық футболшы мінген ұшақ жоғалып кетті Телеканал 24

Аргентиналық футбол ойыншысы Эмилиано Сала мінген ұшақ Ла-Манш бұғазындағы Гэрнси аралына жақын маңда радардан жоғалып кетті.

Шағын әуе көлігі Францияның Нант қаласынан шығып, Уэльстің Кардифф шаһарына қарай бағыт алып бара жатқан. Қазір ұшақ іздестіріліп жатыр.

Айта кетейік, Эмилиано Сала 2010 жылдан бері француз клубтарында өнер көрсеткен. Соңғы 3 жылда «Нантта» ойнап, биыл уэльстік клубқа ауысқан.

Хабар 24 телеарнасы