378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Португалия Дэвис кубогына қатысатын құрамдарын жариялады

  • 342
  • UPD: 21:09, 23.01.2019
Қазақстан мен Португалия Дэвис кубогына қатысатын құрамдарын жариялады Informburo.kz

Қазақстан мен Португалия Дэвис кубогына қатысатын ерлер командасының құрамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, BNP Paribas Дэвис кубогының Қазақстан мен Португалия арасындағы матчы 1-2 ақпан күндері Астана қаласындағы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында өтеді. Кездесу жеңімпазы 18-24 қараша күндері Мадридте өтетін турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алады.

Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев команданың құрамын Михаил Кукушкин (АТР рейтингінде 56-орын), Александр Недовесов (193), Александр Бублик (164), Тимур Хабибулин (АТР жұптық жарысында – 162) және Денис Евсеевтерден (322) жасақтады. Осы жігіттерге қарсы Жоау Соуза (АТР рейтингінде – 44), Педро Соуза (103), Жоау Домингеш (224) және Гаштан Элиаш (245) кортқа шығады. Португалия құрамасының капитаны – Руй Мачадо.

Қазақстанның ерлер командасы бұған дейін де халықаралық ірі теннис турнирлерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Ал Дэвис кубогының Әлемдік кезеңінің ширек финалында бес рет өнер көрсеткен.

Қазақстан-Португалия матчтарының кестесі:

1 ақпан, 14:00-де басталады.

13:45 – турнирдің ашылу рәсімі

14:00 – матчтар (2 дара кездесу).

2 ақпан, 12:00-де басталады

11:50 – ашылу салтанаты

12:00 – матчтар (1 жұптық кездесу, 2 дара кездесу).

Хабар 24 телеарнасы