378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс» кезекті кездесуін кіммен өткізеді?

  • 263
  • UPD: 13:12, 24.01.2019

Бүгін «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуін өткізеді.

Астаналықтар Санкт-Петербургте жергілікті «СКА» командасымен ойнайды. Матч кешкі 10 жарымда басталады. «Барыс» шығыс конференциясында үшінші орында келеді. Андрей Скабелка шәкірттері плей-офф жолдамасын күні бұрын ұтып алғанын да айта кетейік.

Ойыннан кейін 98 ұпаймен кезекті чемпиондыққа бағыт алды. 93 ұпайы бар «Ертіс» екінші тұр. Павлодар командасы соңғы кездесуде «Алматыдан» басым түсті. Өскеменнің «Алтайы» үздік үштіктің қатарында. Атыраудың «Бейбарысы» да топ жарудан дәмелі. Олар кезекті турда Астананың «Номадын» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан чемпионаты ертең жалғасын табады. Елорда дербиінде «Номад» пен «Астана» кездеседі. «Алтай-Торпедо» Өскеменде «Ертіспен» айдынға шығады. «Алматы» «Горнякты» күтеді. Петропавлда «Құлагер» «Теміртаумен» ойнайды. Қызықты кездесу Атырауда өтеді. «Бейбарыс» топ бастаған «Арланмен» шеберлік байқасады. 

Australian Open турнирі

Люк Пуй Австралия ашық біріншілігінің жартылай финалына шықты. Француз жігіті канадалық Милош Раоничтің осал тұсын тапты. Есеп: 7:6, 6:3, 6:7, 6:4. Люк алғашқы айналымда қазақстандық Михаил Кукушкинді елге қайтарған еді. Енді француз теннисшісі финалдық жолдаманы Новак Джоковичпен сарапқа салады. Сербиялық спортшы ширек финалда Кеи Нишикориді жеңді. Жапониялық теннисші екінші сетте жарақаты сыр беріп ойынды жалғастырудан бас тартты. 49-минутқа созылған кездесудің есебі 6:1, 4:1 есебімен аяқталды.

Гонсало Игуаин «Челсиге» ауысты

Қысқы трансфердегі атышулы келісім жасалды. Биылғы маусымды «Милан» сапында бастаған шабуылшы Гонсало Игуаин «Челсиге» ауысты. Лондон командасы аргентиналық футболшыны жалға алды. Егер тараптар келісіп жатса, мерзім тағы бір жылға ұзарады. «Челси» Игуаинді 36 млн еуроға сатып алуға құқылы. Футболшының «Ювентуспен» келісімшарты аяқталған жоқ. Сондықтан «Челси» туриндік клубқа 9 млн еуро төлейді немесе қорғаушы Эмерсонды Италия командасына жіберуі мүмкін. Шабуылшы биылғы маусымда «Милан» сапында А сериясының 15 матчына қатысып, 6 доп соқты. Ол «Челсиде» тоғызыншы нөмірлі жейдені таңдады. Қазір Лондон командасын Игуаинге жақсы таныс Маурицио Сарри жаттықтырады. Аргентиналық футболшының жұлдызды шағы «Наполиде» дәл осы бапкердің қол астында өткен еді.

Хабар 24 телеарнасы