378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ткаченко – әлем чемпионатының қола жүлдегері

  • 481
  • UPD: 11:02, 25.01.2019
Ткаченко – әлем чемпионатының қола жүлдегері

Қазақстандық спортшы Сергей Ткаченко шаңғымен тұғырдан секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола медалін ұтып алды.

Бұрын-соңды біздің спортшылар трамплиннен әлемдік сайыста жүлде алған емес. 19 жастағы «қанатты шаңғышы» Финляндиядағы әлем біріншілігінің қорытындысы бойынша 248,9 ұпай жинап, үздік үштіктен көрінді. Норвегиялық Томас Маркенг 252,1 ұпаймен чемпионы атанды. Күміс неміс Лука Роттың еншісінде. Жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік чемпионатқа еліміздің атынан Нұршат Тұрсынжанов, Глеб Сафронов, Никита Девяткин де қатысқанын айта кетейік.  

Хабар 24 телеарнасы