378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана Тайгерс» баскетболдан Еуропа лигасы турнирін аяқтады

  • 365
  • UPD: 12:03, 25.01.2019
«Астана Тайгерс» баскетболдан Еуропа лигасы турнирін аяқтады

«Астана Тайгерс» әйелдер клубы Еуропа баскетбол лигасының плей-офф кезеңінен сырт қалды. деп жазады Olympic.kz.

Чехияның Острава қаласында өткен соңғы турда астаналықтар Минскінің «Цмоки» және жергілікті «СБС» командарымен кездескен болатын.

Бірінші ойында астаналықтар 49:68 есебімен Беларусь командасына жол берді. Ал екінші матчта алаң иелерінен 74:55 есебімен басым түсті.

Десе де, топтан шығу үшін бұл жеңіс жеткіліксіз еді. Астаналық команда жалпы турнир барысында екі рет жеңіске жетіп, бес рет жеңіліске ұшырады. Қорытынды кестеде 6-шы орында тұр.

Еске сала кетейік, 2015/2016 жылғы маусымда «Астана Тайгерс» клубы «Еуропа әйелдер баскетбол лигасының» қола жүлдесін иеленді. Кейін команда басшылығы шетелдік ойыншылардан бас тартып, клуб толығымен жергілікті ойыншылардан жасақталған болатын.

Бүгінде «Тайгерстің» 90 пайызы ұлттық құрама мүшелерінен құралған.

Хабар 24 телеарнасы