378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барселона» футболшыға өзге клубқа кетпесе алаңға шығармай қоятынын ескертті

  • 413
«Барселона» футболшыға өзге клубқа кетпесе алаңға шығармай қоятынын ескертті vesti.kz

Каталондық «Барселона» жартылай қорғаушы Денис Суаресті қысқы трансфер кезінде сатпақ.

Cadena SER мәліметінше, «Барселона» 25 жастағы хавбекті өз болашағы туралы шешім қабылдамаса, осы маусымда алаңға шығармайтынын ескерткен. Каталондық клуб Суареске испаниялық «Бетис» немесе «Севильяға» ауысуды ұсынып отыр. Бұл командалардың біріне кеткен жағдайда трансфер құны – 20 миллион еуро.

Тағы бір балалмалы ұсыныс – жалға беру құқы бойынша лондондық «Арсенал». Бұл жағдайда хавбек «Барсамен» келісімшартын бір жылға ұзартады.

Суарестің өзі испаниялық клубтарға өткісі келмейді және «Арсеналға» барғанды дұрсы көреді. Алайда каталондықтар англиялық әріптестерімен келісе алмай отыр.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы