378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте III қысқы Жастар ойындары өтіп жатыр

  • 440
  • UPD: 14:35, 26.01.2019
Шымкентте III қысқы Жастар ойындары өтіп жатыр

Шымкентте III қысқы Жастар ойындарының жалауы желбіреді.

Шорт-тректен өтіп жатқан байрақты бәсекеге еліміздің 13 облысынан келген 95 споршы мұз айдында жүлдені сарапқа салады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олимпида секілді төрт жылда бір өтетін жастар арасындағы біріншілікке қатысушылардың ішінен көзге түсіп, оза шапқандары «Азия балалары» бәсекесіне жолдама алады дейді ұйымдастырушылар. Мұз сарайында аяғына конький байлағандар шорт-тректтің бірнеше шақырымдары бойынша сынға түсті. Бұдан бұрын Астанада өткен ІІ қысқы жастар ойындарында шорт-тректен Батыс Қазақстан облысының құрамасы үздік өнер көрсеткен болатын. Ал биылғы сайыста айдын иелері биік тұғырдан көрінсек деп үміттеніп отыр. Себебі шорт-трек Шымкенттің спортшыларына жат емес. Олай деуге себеп те жоқ емес. Әлем бәсекелерінде топ бастап, ел намысын көкке көтергендер арасында Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Әділ Ғалиахметов, Нұрлыбек Бейсеев сынды тарландар Шымкенттің тумалары. Ал Анастасия Кристова, Әсел Таишманованың ізін басып келе жатқан Тоғжан Аманкелді де Жастар ойындарының жеңімпазы болудан дәмелі.

Тоғжан Аманкелді, жарысқа қатысушы:

- Бұл жарыс біздің қалада бірінші рет өтіп жатыр. Бүгін бірінші күн. 1500 метр қашықтықта басталды. Мен одан өтіп, жартылай финалға шықтым. Мақсат - бұл жарыста бірінші орын алып, жоғары дәрежеден көріну.

Хабар 24 телеарнасы