375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дамир Исмағұлов UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

  • 369
  • UPD: 18:27, 26.01.2019
Дамир Исмағұлов UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты MMABoxing.ru

Ресей тумасы, этникалық қазақ Дамир Исмағұлов UFC ұйымындағы келесі жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Бүгін мен UFC ұйымында 23 ақпанда Чехия астанасы Прагада өтетін екінші жекпе-жегімді өткізу туралы келісімге қол қойдым. Жекпе-жекті ұйымдастыруға атсалысып жүрген менеджеріме үлкен алғыс білдіремін. Қарсыластың есімі таяу уақытта белгілі болады. Дайындалуыма көмектесіп жатқан барлық адамдарға, әрине, өз командама алғыс білдіремін», – деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.

Оның бірінші жекпе-жегі Австралияда өтті. Allfight.ru басылымының мәліметінше, Исмағұлов осы кездесу үшін 23 500 доллар алған: 10 000 доллар өнер көрсеткені үшін, 10 000 – жеңіс үшін, 3 500 – Reebok демеушілігінен. Ал оның қарсыласы Горджес 13 500 доллар алған.

Хабар 24 телеарнасы