378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Наоми Осака – Австралия ашық чемпионатының жеңімпазы

  • 289
  • UPD: 21:53, 26.01.2019
Наоми Осака – Австралия ашық чемпионатының жеңімпазы 24СМИ

21 жастағы жапон теннисшісі Наоми Осака Австралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM».

Grand Slam маусымындағы алғашқы турнирдің финалында Осака 28 жастағы чех теннисшісі, жарыстың 8-ракеткасы Петра Квитованы 7:6(2), 5:7, 6:4 есебімен ұтты. Бұл теннисшілер арасындағы алғашқы бетпе-бет кездесу болатын. Мельбурн кортындағы жетістік Наомиге 2000 рейтингтік ұпай мен $2,911,000 ақшалай жүлде әкелді.

Айта кету керек, Наоми үшін бұл – мансабындағы үшінші, Үлкен дулыға турнирлеріндегі екінші титул. Өткен Grand Slam титулы да Наомиге бұйырғанын атап өткен жөн – ол кезде теннисші қыркүйектегі US Open-ді бағындырған болатын. Енді Наоми Үлкен шлемде жеңген турнирлерінің саны бойынша өзінің бүгінгі қарсыласымен тең түсті – 2:2 (Квитова Wimbledon-ды екі рет жеңген – 2011 және 2014 жылдары). Дүйсенбіден бастап Наоми Осака әлемнің бірінші ракеткасы ретінде өнер көрсетсе, Квитова әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді.

Хабар 24 телеарнасы