389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада грэпплингтен Astana Open халықаралық турнирі өтті

  • 891
  • UPD: 21:34, 27.01.2019
Елордада грэпплингтен Astana Open халықаралық турнирі өтті

Екі күндік жарысқа 700-ге жуық спортшы қатысты.

7 мен 18 жас аралығында балалар мен жасөспірімдер грэпплинг ги түрінен күрессе, ересектер мен әйелдер грэпплингтен күш сынасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осымен төртінші рет өткен халықаралық турнирге алты мемлекет қатысты.

Айта кеткен жөн, Astana Open жауынгерлік өнер ассоциациясының ұйымдастыруымен өткен алғашқы турнир. Жалпы грэпплингке грек-рим күресі, еркін күрес, дзюдо және самбо сияқты жекпе-жек түрлерімен айналысатын спортшылар қатысады. Сондықтан бұл әмбебап алаң десек те болады.

Тоқтар Зарубеков, бапкер:

Ересек және әйелдер арасында турниріміз екі салаға бөлінеді Greppling gi және Greppling no gi. Енді бастап жатқан спортшылар, ары қарай жалғастырып жатқан спортшылар және әуесқой спортшылар арасында күрес бәсекелесіп жатыр. Халықаралық жарысымызға бірнеше елден спортшылар келді. Олар Ресей, Қырғызтан, Өзбекстаннан келді. Алыс шетелден келгендер олар Бразилия, АҚШ және де БАӘ келген спортшылар бар.

Хабар 24 телеарнасы