378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

35 секундта нокаутқа түскен Емельяненко жағдайымен бөлісті

  • 305
35 секундта нокаутқа түскен Емельяненко жағдайымен бөлісті vesti.kz

Ресейлік ММА файтері Федор Емельяненко америкалық Райан Бейдерден жеңілгеннен кейінгі жағдайы туралы айтып берді.

Ауыр салмақтағы файтерлер арасындағы Bellator Гран-приі Калифорния штатындағы Инглвуд қаласында өтті. Бұл кездесу 35-секундта Емельяненконың жеңілісімен аяқталды.

Жекпе-жектен кейін ресейлік спортшыға дәрігерлер көмегі қажет болды. Қалпына келу үшін оған бірнеше апта керек болады.

«Жекпе-жектен кейінгі жағдайым жақсы, қабағым терең жарылмаған, кеше бірнеше тігіс салды. Бір-екі аптада жазылып кетеді деген ойдамын. Дайындалуға көмектескендерге, жекпе-жекке келгендер мен оны көру үшін таң атпай тұрғандарға  алғысымды білдіремін. Қолдау ме дұғалар үшін барлығына рахмет. Бәрі тәңір қолында», - деп жазыпты Емельяненко Instagram желісінде.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы