378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Канелоның» промоутері Головкинді Джейкобспен ұтымды келісім үшін пайдаланған

  • 324
«Канелоның» промоутері Головкинді Джейкобспен ұтымды келісім үшін пайдаланған Zakon.kz

Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя екі салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес (51-1-2, 35 КО) және қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) арасында үшінші жекпе-жек міндетті түрде болатынын мәлімдеді.

Оның сөзінше, бұл жолы төрешілер шешіміне дейін жетпейді, мексикалық нокаутпен жеңеді. Головкин мен Альварес 2017 және 2018 жылы қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында екі рет жұдырықтасқан. Алғашқы жекпе-жек тең аяқталып, дауға ілікті. Ал қарымта кездесуде мексикалық төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Бұл жеңіліс қазақстандықтың карьерасындағы алғашқы болды. 

4 мамырда Канело орта салмақта IBF чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 КО) жұдырықтасады, мексикалық осындан кейін трилогияға дайындала бастамақ екен.

«Канело» мен Джейкобс арасында жекпе-жек қалай ұйымдастырсам деген сұрақ қойдым. Осылайша, твиттерде GGG-мен трилогия бойынша келіссөздер басталғанын құлағдандырдым. Ал келесі күні Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирн Golden Boy Promotions президенті Эрик Гомеске қоңырау шалып, Джейкобспен жекпе-жек ұсынды. Жоспарым іске асты, енді бізде соңғы жылдарда болған орта салмақтағы ең мықты жекпе-жектің бірі бар», - деп мәлімдеді Де Ла Хойя, промоутердің сөзін BoxingScene.com келтіріп отыр.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы