378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Канело»-Джейкобс жекпе-жегінің жеңімпазына міндетті қарсылас белгіленді

  • 284
  • UPD: 11:10, 29.01.2019
«Канело»-Джейкобс жекпе-жегінің жеңімпазына міндетті қарсылас белгіленді EditBoxing коллажы

Орта салмақ чемпиондары 4 мамырда белбеулерін біріктіреді.

Германо-эквадорлық Джек Кулькай (25-3, 13 КО) және украиналық Сергей Деревянченко 12-1, 10 КО) орта салмақта IBF чемпионына міндетті қарсылас атану үшін жекпе-жектерінің қашан өтетінін білді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Rbb24.de басылмына берген сұхбатында Кулькай жекпе-жектің 13 сәуір АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өтетінін айтты. Бұл бокс кешінің басты оқиғасы орта салмақта бұрынғы әлем чемпиондары америкалық Питер Куиллин (34-1-1, 23 КО) мен Калеб Труа (30-4-2, 19 КО) арасындағы 10 раундты жекпе-жек болмақ.

Кулькай-Деревянченко кездесуінің жеңімпазы IBF чемпионына міндетті қарсылас атанады. Қазір бұл белбеу амеркалық Дэниэл Джейкобсте (35-2, 29 КО). Джейкобс 4 мамырда WBC және WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (51-1-2, 35 КО) белбеулер біріктірілетін жекпе-жек өткізеді.

Осылайша, Джейкобс-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазы Кулькай-Деревянченко кездесуінде жеңген боксшымен жұдырықтасуға міндеттеледі.

Хабар 24 телеарнасы