375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нурмагомедов пен МакГрегор келісімге келді

  • 550
  • UPD: 16:09, 29.01.2019
Нурмагомедов пен МакГрегор келісімге келді Комсомольская правда

UFC файтерлері Нурмагомедов пен МакГрегор Невада штатының Атлетикалық комиссиясымен UFC 229 турнирінде болған төбелеске қатысты келісімге келді, деп хабарлайды Las Vegas Review-Journal.

Басылым мәліметінше, ресейлік пен ирландиялық та бүгін өтетін комиссияның тәртіптік отырысына қатыспайды, деп жазады kaz.vesti.kz. Сонымен қатар Невада штатымен келісімге келген осы істегі басты фигуранттар Зубайра Тухугов пен Абубакар Нурмагомедов те қатыспайды.

Бес адамнан құралған комиссия бүгін осы мәселені дауысқа салады. Соған қарамастан осы істегі барлық фигуранттар спорттан уақытша шеттетіліп, ақшалай айыппұл төлейді.

Еске салайық, UFC 229 турнирі кезінде Нурмагомедов МакГрегорды жеңгеннен кейін төбелес басталды. Хабиб октагоннан секіріп, Конордың спарринг серіктесі Диллон Дэниске шабуыл жасады. Алаңда МакГрегор Хабибтің командасындағы Абубакар Нурмагомедов, Тухугов және Эседулла Эмирагаевпен төбелесті.

Хабар 24 телеарнасы