389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ПСЖ «Зенит» футболшысын 45 млн еуроға сатып алды

  • 463
  • UPD: 18:09, 29.01.2019
ПСЖ «Зенит» футболшысын 45 млн еуроға сатып алды Sportbox

Петерборлық «Зениттің» жартылай қорғаушысы Леандро Паредес франциялық «Пари Сен-Жермен» клубына өтті.

Париждіктер мен 24 жастағы аргентиналық арасындағы келісімшарт 2023 жылдың 30 маусымына дейін жасалды. Паредес ПСЖ сапында сегізінші нөмірмен ойнайды.

Мұның алдында клубтар Паредес трансфері үшін 40 миллион және үстемелер ретінде қосымша бес миллионға келісімге келгені хабарланған.

«Зенит» Паредесті 2017 жылы «Ромадан» 23 миллион еуроға алған. Ресейлік клуб үшін ол 61 матч өткізіп, он гол салды және 15 нәтижелі пас берді.

РПЛ-дің биылғы маусымында Паредес 15 матч өткізіп, үш гол салды және екі нәтижелі пас берді. Сонымен бірге Паредес «Бока Хуниорс», «Кьево», «Эмполи» және «Рома» сияқты клубтар сапында ойнаған.

Хабар 24 телеарнасы