378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚХЛ: «Барыс» сырт айдында жеңіліп қалды

  • 330
  • UPD: 21:20, 29.01.2019
ҚХЛ: «Барыс» сырт айдында жеңіліп қалды vseprosport.ru

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында Астананың «Барысы» Новосібірдің «Сибирь» клубынан жеңіліп қалды.

Сырт айдында өткен кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталған болатын.

Есепті 32-минутта жергілікті командадан Джордан Кэрон ашса, 55-минутта елордалықтар сапынан Максим Семенов таразы басын теңестірді.

Ал овертаймда «Сибирьдің» жолы болды. Жильбер Брюле соққан гол айдын иелеріне жеңіс сыйлады.

Хабар 24 телеарнасы