375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хабиб пен МакГрегор спорттан шеттетілді

  • 511
  • UPD: 09:46, 30.01.2019
Хабиб пен МакГрегор спорттан шеттетілді eurosport.ru

29 қаңтарда Невада штатының Атлетикалық комиссиясы (NSAC) жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегордың жекпе-жектен кейінгі төбелесіне қатысты отырыс өткізді.

Еске салайық, UFC 229 турнирі кезінде Нурмагомедов МакГрегорды жеңгеннен кейін төбелес басталды. Хабиб октагоннан секіріп, Конордың спарринг серіктесі Диллон Дэниске шабуыл жасады. Алаңда МакГрегор Хабибтың командасындағы Абубакар Нурмагомедов, Тухугов және Эседулла Эмирагаевпен төбелесті.

Тәртіптік отырыс барысында Нурмагомедовты тоғыз айға жекпе-жектерден шеттеп, 500 мың доллар айыппұл салу туралы шешім шығарылды. Ресейлік бұзақылыққа қарсы әлеуемттік жарнамаға қатысса, шеттеу мерзімі үш айға дейін қысқартылады. Осылайша, Нурмагомедов 2019 жылдың сәуірінде октогонға орала алады. 

МакГрегор де алты айға шеттеліп, оған 50 мың доллар айыппұл салынды.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы