378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде алғаш рет әуесқой велоспортшылар арасында жарыс өтеді

  • 392
  • UPD: 10:54, 30.01.2019

Қазақстандық жасөспірім биатлоншылар Словакиядағы әлем чемпионатында жүлделі орынға қол созым қалғанда қалыс қалды.

7 жарым шақырымдық эстафеталық жарыста Кирилл Бауэр, Никита Ахатов, Владислав Киреев үштігі төртінші орыннан көрінді.

Алдағы жұма күні күні Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде теннистен Дэвис кубогының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы ойындары өтеді. Қазақстан әлемдік топтың финалдық жолдамасын Португалиямен сарапқа салады. Команда капитаны Диас Досқараев айтулы сынға дайындық барысын сөз етіп, қарсыластардың қарымына баға берді. Португалия сапында Жоау Соуза мен Педро Соуза және Жоау Домингеш, Гаштан Элиаш бар. Қазақстан Михаил Кукушкин мен Александр Недовесовке сенім артады. Александр Бублик, Тимур Хабибуллин, Денис Евсеев та кортқа шығуы мүмкін.

Қазақстан мен Португалия арасындағы теннис бәсекесі жұма күні басталады. Алғашқы жарыс күні жекелей сындағы екі ойын өтеді. Команда капитаны Диас Досқараев осы екі кездесуде матч тағдыры шешілетінін айтады. Сенбіде жұптық сайыс пен тағы екі кездесу бар. Жалпы есепте жеңіске жеткен команда қараша айында Мадрид қаласында өтетін финалдық сынға жолдама алады.

Елімізде алғаш рет тректен әуесқойлар арасындағы жарыс өтеді. Бұл спорт түрі ерекше дайындықты қажет етеді және қауіпті саналады. Сондықтан олимпиадалық даярлау орталығының мамандары сайыс алаңын қарапайым адамдардың қолданысына ыңғайлы қылады. Олар осы арқылы велоспортты насихаттап, бұқаралық спорттың дамуына серпін бермек. Әуесқойлар арасындағы жекелей және топтық жарыстар алдағы демалыста «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. 2 күнге созылатын бәсеке алты жас ерекшелігі бойынша ұйымдастырылады.

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының кезекті тур ойындары өтті. «Құлагер» көш соңында қалған «Астанадан» 6:2 есебімен басым түсті. «Алтай-Торпедо» хоккейшілері де қарсыластар қақпасына алты шайба соқты. Өскемен командасы топ бастаған «Арланның» азуын қайтарды. Есеп: 1:6. «Ертіс» овертаймда «Номадқа» есе жіберді. «Алматы» сырт айдында 2:1 нәтижесімен «Теміртауды» жеңді. «Бейбарыс» «Горняктың» осал тұсын тапты. Бүгін командалар қарымта ойын өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы