378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Геннадий Головкин жаңа телесеріктес таңдады

  • 464
Геннадий Головкин жаңа телесеріктес таңдады vesti.kz

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жаңа телесеріктесті таңдаған сыңайлы.

Worldboxingnews.net порталының мәліметінше, жақын күндері Головкиннің DAZN стримингтік қызметімен келісімшарт жасасқаны жария етіледі. Басылым болжамынша, бұл Golden Boy Promotions басшысы Оскар Де Ла Хойяның GGG мен Сауль Альварес (51-1-2, 35 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты айтқанын растап тұр.

«Күмән жоқ, бұл жекпе-жекті тамашалайтын боламыз. «Канело» мықтылармен жұдырықтасқысы келеді. Үшінші ретте «Канело» оны нокаутқа түсіретініне сенімдімін», – деген еді Де Ла Хойя.

«Де Ла Хойяның жуырдағы Головкин – «Канело» трилогиясы жайлы мәлімдемесі бір нәрсені ғана білдіреді. Жақын күндері GGG DAZN-мен соңғы ірі келісімшарт жасаушы ретінде таныстырылады. HBO бокстан кеткеннен кейін Головкин барлық негізгі телекомпаниялармен келіссөздер жүргізді. DAZN қазір көш басында, ал Showtime жалғыз балама. Жақын арада құлағдандыру жасалатын шығар, өйткені Головкиннің рингке оралуына аз уақыт қалды», – деп жазады басылым.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы