378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қанат Ислам рингке оралуына қатысты мән-жайды айтты

  • 380
  • UPD: 15:22, 30.01.2019
Қанат Ислам рингке оралуына қатысты мән-жайды айтты prosports.kz

Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) алдағы жекпе-жегіне жаттығуды қашан бастайтынын айтты.

Мұның алдында америкалық boxrec.com сайтында қазақстандық боксшының белсенді емес екені көрсетілгеніне байланысты боксшы карьерасын тоқтатты ма деген сұрақтар туындаған. Алайда WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері бұл ақпаратты растамады. Ол кезде қазақстандық боксшы наурызда жекпе-жекке шығуды жоспарлап отырғанын айтқан еді.

Осыған байланысты Қанат Ислам жаттығу лагерін бастады ма деген сұрақ қойдық. «Қазір аяқ жарақатымды емдеудің соңғы процедураларынан өтіп жатырмын. Осыдан толық сауққан соң, Талғар жанындағы AIBA оқу-жаттығу кешенінде дайындықты бастаймын», - дейді боксшы.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы