389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бапкер ойын үстінде хоккейшіні өлімнен арашалап қалды

  • 530
Бапкер ойын үстінде хоккейшіні өлімнен арашалап қалды vesti.kz

«Союз» командасының бапкері Иван Орлов Федералды хоккей лигасы матчі кезінде ойыншыны өлімнен арашалап қалды.

Матч кезінде «Союз» ойыншысы Дмитрий Тутуркин қарсыласымен соқтығысып, мұзға құлайды. Бірнеше метр сырғанап барып, хоккейші басымен қоршауға соғылды. Осы сәтте бапкер мүдіріп қалмай, ойыншыға жүгіріп оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. 

Бапкер Тутуркиннің тістенген күйі жағы қарысып қалғанын айтады. Орлов басқа хоккейшілердің көмегімен ойыншының аузын ашып, ол тыныс ала бастаған. Бапкер Тутуркиннің қарысқан жағын он рет күш салған соң ғана аша алған. «Ойыншы жалпы бір минуттай демсіз жатты», – дейді Орлов «В городе N» басылымына берген сұхбатында.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы