378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барселона» – «Севилья» – 6:1

  • 319
  • UPD: 12:04, 31.01.2019
«Барселона» – «Севилья» – 6:1

«Барселона» Испания кубогының 1/8 финалындағы қарымта ойында «Севильяны» ойсырата жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Камп Ноу» стадионында өткен ойын 6:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапында Филипе Коутиньо дубль жасады – 13-минутта (пенальти) және 53-минутта. Ары қарай 31-минутта Иван Ракитич, 54-ші – Серджи Роберто, 89-шы – Луис Суарес және 92-минутта – Лионель Месси.

«Севильяда» жалғыз голды 67-минутта Гильермо Арана салды, 27-минутта Эвер Банеганың пенальтиден тепкен добын Яспер Силлессен қайтарды.

Алғашқы ойында «Севилья» өз алаңында 2:0 есебімен ұтқан еді. Осылайша жалпы есеп «Барселона» пайдасына шешілді – 6:3.

Хабар 24 телеарнасы