378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дэвис кубогы: жеребе тартылды

  • 362
  • UPD: 15:14, 31.01.2019
Дэвис кубогы: жеребе тартылды Zakon.kz

Астанада Қазақстан мен Португалия арасындағы Дэвис кубогының жеребесі тартылды, деп жазады «Хабар 24».

Әлемдік топтың бірінші іріктеу кезеңін Александр Бублик пен Жоау Соуза бастайды. Жекелей сындағы екінші ойында Михаил Кукушкин мен Педро Соуза кортқа шығады. Сенбідегі жұптық матчта Қазақстан атынан Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин тіркелді. Олар Жоау Соуза – Гаштау Элиаш жұбымен кездеседі. Егер бұл үш матчта жалпы есептегі жеңімпаз команда анықталмаса, жекелей сындағы тағы екі ойын өтеді. Михаил Кукушкин Жоау Соузамен кездессе, Александр Бублик Педро Соузамен шеберлік байқасады. Дэвис кубогы ертең сағат екіде «Дәулет» спорт кешенінде басталады. Жеңіске жеткен команда қараша айында Мадрид қаласында өтетін финалдық сайысқа жолдама алады.

Диас Досқараев, теннистен Қазақстан командасының капитаны:

- Біздің ойыншыларымыз жеке жарыстарда бір-бірімен ойнаған. Михаил Кукушкин Жоау Соузамен екі рет кездескен – 1:1. Бір рет жеңген, бір рет жеңілген. Александр Недовесов Педро Соузамен кездескен. Бублик кәсіпқой турында жаңа ойыншы деп айтсақ болады. Бірақ та ойындар өте қиын болады. Біздің бірінші мақсатымыз – тәртіпті сақтау. Жоспарлаған стратегия-тактика – бәрін білеміз. Қалай ойнайтынымызды. Біздің ойыншыларымыз дайын деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы