378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Геннадий Головкин өзінің бұрынғы менеджерлерін сотқа берді

  • 673
  • UPD: 17:19, 01.02.2019
Геннадий Головкин өзінің бұрынғы менеджерлерін сотқа берді Радио Азаттык

Американың TheBlast.com басылымының мәліметінше, орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің бұрынғы менеджерлері Максимилиан және Олег Германдарға сотқа беріп, олардан ірі көлемде ақшалай өтемақыны талап етіп отыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Сот құжаттарына сәйкес, Головкиннің айтуынша, Максимилиан және Олег Герман әдейі табыс туралы есеп бермей, сомалары құжаттағыдан әлдеқайда жоғары болған комиссия төлемдерін алып жүрген. Оған қоса менеджерлер Головкиннің соңғы жекпе-жектерін ұйымдастыруда ешқандай қызмет көрсетпесе де, ол үшін ақы төлеуді талап етіп отыр. GGG Германдармен іскерлік қатынасын 2017 жылы үзгенін мәлім етті, алайда олармен келісімшарт үзілсе де бұрынғы менеджерлер Головкиннің Сауль «Канело» Альвареспен екінші жекпе-жегінен барынша табыс табуға тырысқан. Басылымның мәліметінше, Геннадий олардан бұрынғы келісімдерінен пайда көрген 3,5 миллион АҚШ доллары көлеміндегі соманың қайтарылуынан үмітті. Ол сондай-ақ менеджерлермен байланысын ресми түрде үзетін сот шешімін күтіп отыр.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Хабар 24 телеарнасы