378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футзалдан УЕФА ЧЛ: «Қайрат» «Барселонамен» кездеседі

  • 380
  • UPD: 22:37, 01.02.2019
Футзалдан УЕФА ЧЛ: «Қайрат» «Барселонамен» кездеседі sports.kz

Бүгін Алматыда Қазақстанның футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Сейілдә Байшақовтың қатысуымен футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы төртеудің финалына жеребе тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жеребе тарту рәсімі Қазақстан және Хорватия ұлттық құрамаларының арасындағы жолдастық кездесудің таймдары арасындағы үзіліс кезінде өтті. Оған сәйкес Алматының «Қайраты» Испанияның «Барселона» командасымен күш сынасады. Екінші жұп «Спортинг» (Португалия) және «Интер» (Испания) командаларынан құралды.

Еске сала кетейік, футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының финал турнирі биыл сәуір айының соңғы демалыс күндері «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді.

Хабар 24 телеарнасы