378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футбол: «Қайрат» - «Вележбен» командасы тең түсті

  • 322
  • UPD: 09:21, 03.02.2019
Футбол: «Қайрат» - «Вележбен» командасы тең түсті

Түркияда жаңа маусымға дайындалып жатқан Алматының «Қайраты» Босния және Герцеговина командасы «Вележбен» жолдастық кездесу өткізіп, 3:3 есебімен тең түсті.

Қазақстандықтардың аға бапкері Алексей Шпилевский бірінші тайм көңілінен шықпағанын айтады. Шынында да Мостар қаласының футболшылары мінез танытып, ойынның он бірінші минутында Нусмир Фаич есеп ашқан болатын. Бауыржан Исламхан пенальтиден таразы басын теңестіргеннен кейін Ян Вороговский мен Адеринсола Эсеола бір-бір голдан соғып, «Қайраттың» мерейін үстем етті. Алайда «Вележ» де өзіндік ойын өрнегімен танылды. Тағы да Фаич гол соғып, артынша Бранаду таразы басын теңестірді. Қортынды есеп 3:3.

Хабар 24 телеарнасы