378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Карате: WKF Дидар Әмірәлінің соққысын үздік деп таныды

  • 280
  • UPD: 14:29, 02.02.2019
Карате: WKF Дидар Әмірәлінің соққысын үздік деп таныды olympic.kz

Бүкіләлемдік карате федерациясы (WKF) қаңтар айындағы ең үздік соққы иегерін анықтады деп хабарлайды Olympic.kz. 

2019 жылдың қаңтар айында өткен Париж Премьер-лигасының қорытындысы бойынша қазақстандық Дидар Әмірәлінің соққысы ең үздік деп танылды. Ол Марокко спортшысымен кездесу барысында тамаша соққысын орындаған болатын. 

Еске сала кетейік, Дидар Әмірәлі Париждегі турнирде қола жүлдегер атанды. Жас спортшы олимпиадалық салмақта сынға түседі.

Хабар 24 телеарнасы