375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ол болашақта Головкиннің шыңына жетеді - сарапшы Садриддин Ахмедов жайлы

  • 399
  • UPD: 17:59, 02.02.2019
Ол болашақта Головкиннің шыңына жетеді - сарапшы Садриддин Ахмедов жайлы Геннадий Головкин және Садриддин Ахмедов

Кәсіби бокс әлеміндегі канадалық сарапшы Лорент Поулин бірінші орта салмақтағы WBC «жастар» чемпионы қазақстандық Садриддин Ахмедовты (7-0, 7 КО) танымал отандасы Геннадий Головкинмен (38-1, 34 КО) салыстырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

«Сарапшылардың көбінің пікірімен келісемін. Садриддин Ахмедов - тамаша, болашағы мықты боксшы. Ол - жаңа жұлдыз және канадалық бокс сүйер қауым оның жасаған шоуын қуана бақылайды. Ал рингтен тыс ол өте қарапайым, тәрбиелі жігіт. Бұл қазақстандық боксшылардың басты ерекшелігі.

Мен Головкиннің АҚШ-тағы карьерасын бастаған кезін еске алдым. Ахмедов отандасына ұқсайды. Екі боксшы да бірінші болуды және жарқын жекпе-жек көрсетуді қалайды. Менің ойымша, ол болашақта Головкиннің шыңына жетіп, халқы үшін талай тарихи жеңіс әкеледі», - дейді Поулин.

Еске салсақ, 27 қаңтарда канаданың Монреалында болған бокс кешінде Ахмедов төртінші раундта 22 жастағы мексикалық Абрахам Хуаресті (13-5, 5 КО) нокаутқа түсіріп, WBC нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы «жастар» әлем чемпионы атағына ие болды.

Хабар 24 телеарнасы