378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында 40-тан астам ашық спорт алаңы салынады

  • 294
  • UPD: 09:11, 03.02.2019
Ақтөбе облысында 40-тан астам ашық спорт алаңы салынады

Құрылысқа қаржыны «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жергілікті кәсіпкерлер бөлуге келісім берген.

Бұл Жастар жылында өскелең ұрпаққа жасалатын қомақты сый болмақ. Ашық аспан астында футбол, баскетбол және воллейбол сияқты ойындармен қатар экстремалдық спорт түрімен де шұғылдануға мүмкіндік туады. Айта кету керек, бұл нысандар облыс орталығынан бөлек аудандарда да салынады. Ал бюджет есебінен Әйтекеби, Қарғалы, Мәртөк және Ырғыз аудандарына жаңадан спорттық сауықтыру кешендері салынуы тиіс. Әрқайсысының құны шамамен 300 миллион теңге. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, облыста бұқаралық спортпен тұрақты түрде шұғылданатындар саны 31 проценттен асқан.

Мейрамбек Махамбетов, Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы уақытынан бұрын орындалды. Оған соңғы үш жылда қарқынды түрде салынып жатқан спорт кешендері зор үлесін қосты.

Хабар 24 телеарнасы