377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада алғаш рет панкратионнан ресми жарыс өтуде

  • 346
  • UPD: 15:22, 03.02.2019
Астанада алғаш рет панкратионнан ресми жарыс өтуде

Бұған дейін бұл спорт түрінің бәсекелерін әркім өз бетінше ұйымдастыра беретін.

Енді қалалық федерация құрылып, дамуы бір жолға қойылды. Ал аралас жекпе-жек бойынша айқастар ресми жарыстар күнтізбесіне енді. Басты ұран – көшеде емес, рингте төбелес. Осылайша алғашқы жарысқа ондаған панкратион шебері жиналып, 6 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтауға кірісті. 2 күнге созылатын жарыстың жеңімпаздары республикалық біріншілікке қатысуыға мүмкіндік алады.

Мақсат Қадырбаев, қалалық панкратион федерациясы президентінің орынбасары:

- Федерацияның құрылғанына шашамен 2 айдай уақыт болды. Бұдан кейін де бұл спорттың дамуын қолға алып, жарыстар өткіземіз. Аға жаттықтырушы болып Диас Кабдулов сайланды және ол осы спортты қолға алып, ел бойынша дамытып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы