378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада әуесқойлар арасында велотректен жарыс басталды

  • 371
  • UPD: 17:10, 03.02.2019
Елордада әуесқойлар арасында велотректен жарыс басталды

Астанада велотректен әуесқойлар арасындағы жарыс басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – олимпиадалық даярлау орталығының бастамасымен жыл сайын дәстүрлі болатын бәсеке. Бірақ ұйымдастырушылар осы жолы жарыстың түрлерін, қашықтығын және қатысушылардың жас деңгейін арттырып, ерекше форматта өткізіп жатыр. Биылғы жарысқа 50-ге жуық адам қатысуға ниет танытты. Оның ішінде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылырмен қатар көрші Ресейден арнайы келген топ та бар. Олар 2 күн бойы өзара мықтыны анықтайды.

Бекболат Байжанов, ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары:

– Соңғы кезде бұқаралық спорт Елбасының тапсырмасымен жақсы дамуда. Оның ішінде велоспорт трендке айналып үлгерді. Министрлік тарапынан жыл сайын қолдау жасаймыз. Сонымен қатар елімізде өтетін велошерулер – велоспорт дамығанының айқын дәлелі.

Хабар 24 телеарнасы